Ұлытауда қызылша дертін жұқтырғандар көбейіп барады
Қазір облыстағы инфекциялық ауруханаларда 51 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың дені 14 жасқа толмаған балалар.
Науқасқа шалдыққандың 95 пайызы екпе салдырмаған. Осыған байланысты қосымша иммундау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін екі жарым мыңға жуық адамға екпе салынды. Аурудың 12 ошағы анықталып, науқастармен байланыста болған адамдар бақылауға алынды. Мамандар қызылша белгілері байқалған бойда дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Гүлсара Аймурзина, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Негізгі сырқаттанушылық Сәтбаев пен Жезқазған қаласында. Ауру облыстың 4 мектебінде және 8 мектепке дейінгі ұйымдарда тіркелді. Қызылшаға қарсы дәрі-дәрмек жоқ. Оның жалғыз ғана емі – вакцинация. Вакцинация тегін. Өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторияға барса екпе салынады.