Медициналық ұйымдардың 80 пайызы аккредиттеледі
Үкімет бекіткен төрт жылдық кешенді жоспарға сәйкес денсаулық сақтау мекемелерінің 70 пайызы лицензия алғаннан кейін тұрақты бақылауға алынады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат жасанды интеллект технологияларына негізделген медициналық қызметтің заманауи үлгісін қалыптастыруды көздейді. Мәселен, 2028 жылға қарай медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың кемінде 20 пайызы жасанды интеллект арқылы жүргізіледі. Жоспарда жүйені дамытудың төрт негізгі бағыты айқындалған.
Бауыржан Жүсіпов, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы
- Бірінші жоспар – реттеуші функциялардың қызметтерін арттыру. Медициналық қызметтің экспертизасын өткізу бойынша жаңа модель қалыптастыру. Сапа бойынша Ұлттық институт құру. Үшінші бағыт – медициналық және науқастардың қауымдастығын кешенді іс-шара жоспарларына жұмылдыру. Төртінші бағыт – медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша толығымен цифрландыру.