Комаға түскен науқасқа мүгедектікті кім рәсімдейді?
Денсаулығы нашарлап, комаға түскен науқастың жақын туысына медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтініш беру құқығын беру қажет.
Депутаттар Әлеуметтік кодекске осындай түзету енгізуді ұсынып отыр. Сонда туыстары сотқа жүгініп, ресми қамқоршыны рәсімдей алады. Сараптама науқасқа мүгедектікті рәсімдеп, әлеуметтік көмек алу үшін қажет. Бұл ретте мүгедектікті бір жылдан аспайтындай, уақытша мерзімге белгілеу ұсынылады. Науқастың жағдайы жақсарып, есін жиған жағдайда мүгедектігі қайта қаралады. Арнайы комиссия адамның денсаулық жағдайын қайта бағалап, бұрын белгіленген мүгедектікті растауы, мүгедектік тобын өзгертуі немесе жағдайы жақсарған жағдайда мүгедектікті алып тастау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Соған байланысты әлеуметтік төлемдер мен қолдау шаралары да қайта қаралады. Бұған дейін депутаттар осы мәселені көтеріп, қазіргі таңда комада жатқан пациенттердің туыстары олардың мүгедектігін рәсімдеп, қажетті әлеуметтік қолдау алуға іс жүзінде мүмкіндігі жоқ екенін айтқан болатын.