Коронавирус қатерлі ісікке ұласуы мүмкін
АҚШ ғалымдары осылай деп дабыл қақты. Nature Communications журналында жарияланған зерттеуге қарағанда, сырқаты ауыр өткен науқастарда өкпе обырына шалдығу қаупі 24 пайызға жоғары болады.
Ғалымдар 76 млн адамның денсаулығына қатысты мәліметтерге талдау жүргізген. Сөйтіп, вирус тек өкпені зақымдап қана қоймай, тыныс алу жолдарының жұмысын қалай әлсірететінін анықтаған. Сарапшылар: «Бұл жаңалық сырқаттың асқынуын тоқтататын жаңа ем ойлап табуға сеп болады», - дейді.