Ақтөбеде жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасалды

Ақтөбеде дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасады.

Лапароскопиялық әдіспен жасалған операция сәтті өтті. Шақалақтың репродуктивті органындағы 8 сантиметрлік ісік алынып тасталды. Операцияның ерекшелігі – хирургтар өте жіңішке құралдар мен шағын бейнекамераларды қолданды. Дәрігерлер операция кезінде сәбидің ағзасынан тағы бір патологияны анықтаған. Осылайша мамандар бір мезетте екі операцияны сәтті өткізді. Қазір баланың жағдайы жақсы. 

Сағидолла Досмағамбетов, хирург:

- Операция лапароскопия әдісімен жасалды. Кішкентай инструменттермен 3 миллиметр. Сосын кистаны алып тастағанда қосымша тағы екі туабітті патологияны таптық. Ол деген шап жарықтары. Ол сыртынан көрінбейді. Сондай операция жасадық. Бір балаға екі операция жасалды бір наркозбен. Операция ұзақ уақыт алған жоқ.