Ақтөбеде қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

Ақтөбеде қазақ күресінен ересектер арасындағы ел біріншілігі басталды. Біріншілікке 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Ерлер сегіз, әйелдер сегіз салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атағы үшін белдеседі, деп хабарлайды 24KZ.

Сонымен қатар «Түйе балуан» бәсекесінде бақ сынайды. Бүгін басталған дәстүрлі дода үш күнге созылады. Боз кілемде жауырыны жер иіскемеген жеңімпаздар ұлттық құрама сапына жолдама алады.

Мейіржан Берекет, «Qazaq kuresi» қауымдастығының бас директоры:

– Жыл соңында келетін үлкен жарыс осы. Сондықтан жыл басынан дайындалады. Дайындықтары өте жоғары. Мұның ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар, әлем чемпионы, Азия чемпиондары бар. Сондықтан жарыста өте үлкен дәрежеде қызықты белдесулер болады деп айта аламын. Жеңімпаз, жүлдегер атанған балуандар келесі жылы болатын үлкен халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз: