Мәйіт донорлығына қатысты халық пікірі

Мәйіт донорлығына қатысты халық пікірі де қақ жарылды. 

Бірі өмірден өткен соң, донор болуді игі іс көрсе, екіншісі бұл қадамға қарсы. Шағын сауалнаманы бірге тыңдайық.

БЛИЦ: 

- Донорлық органдарға нәумез болып отырған адамдар өте көп. Сондықтан мен ойлаймын, донор болу, өмірден озбай отырып келісім беру деген - ол өте дұрыс нәрсе. Өйткені одан кейін, өмірден өткеннен кейін қаншама адамға пайдалы болады ол шешім.  

- Әркімнің өзінің таңдауы бар  сияқты деп ойлаймын. Біреу бергісі келуі мүмкін, біреу бергісі келмейді. Ол әркімнің өзінің таңдауы. Егер адам бергісі келіп тұрса, онда ешқандай кедергі жоқ ешқандай. Жаман нәрсе жоқ деп ойлаймын.  

- Өмірге қалай келді, солай кету керек деп ойлаймын негізі жалпы. Бірақ өмірде бәрі болады. Жалпы негізі сұрау керек деп ойлаймын туысқандарынан, егер рұқсат берсе, неге қолданбасқа. 

- Оған қарсымын. Не себепті? Мені Алла Тағала осылай жаратты. Мен солай жерге түсуім керек. Бұл мое мнение личное. Ал имамдар, кім не айтады, өздері біледі.