Алматыда балалар нейрохирургиясына арналған конференция өтті

Елімізде жыл сайын 17 мыңнан аса нейрохирургиялық операция жасалады.

Ал жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі үш есеге артқан. Клиникалық тәжірибеге заманауи технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Алматыда әлемнің 20-дан астам елінен келген жетекші мамандар балалар нейрохирургиясына арналған халықаралық конференцияда бас қосты. Дәрігерлер  ми ісігі,  бас ми жұлын ісігі, эпилепсия, дамуында туа біткен ақаулар мен басқа да да ауыр дерттерді емдеу тәсілдерін бірге талқылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Конференция барысында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен шетелдік жетекші медициналық орталықтары арасында балалар нейрохирургиясын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Данияр Сәбденәлиев, №2 балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Емдеу жолдары да бір орында тұрған жоқ медицинада. Сол себептен протокол лечение дейді ғой. Емдеу әдістері қандай болып жатыр? Европада қандай? Израильде қандай? Соны Қазақстанға енгізеді деп үміттенем. Біздің аурухананың статистикасын алғанда мыңнан аса науқас баланы емдейміз. Соның 600-500-не операция жасалады жылына, күніне 2-3 операциядан жасап тұрамыз.