«Казцинк» зауытындағы жарылыс: екі жұмысшының жағдайы ауыр
«Казцинк» металлургиялық кешені аумағында болған жарылыстан зардап шеккен бес адамның үшеуі ауруханадан үйіне шықты. Олар жеңіл жарақат алған.
Қалған екі жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр. 46 жастағы азаматтың денесінің 90 пайызын күйік шалған. Ал 52 жастағы жұмысшының омыртқасы зақымданған. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, травмотология бөліміне жатқызылды. Айта кетейік, бүгін таңертең зауыт аумағындағы шаң ұстау цехында құрылғы жарылып, оқиға орнында екі адам мерт болды.
Мұрат Нұрбикенов, ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
- Бізге алғашқы зардап шеккендер таңғы сағат 09:00-ге таяу жеткізілді. Олар келгенде қабылдау бөлімінде шұғыл көмек бригадасы дайын тұрды. Олардың арасында реанимотолог, травмотолог, комбустиолог сынды білікті мамандар болды. Әзірге 46 жастағы азаматтың жағдайы ауыр. Дегенмен барлық тиісті көмек көрсетіліп жатыр.