Түркістан облысында алғаш рет робот-ассистенттік жүйемен операциялар жасалды
Түркістан облысында алғаш рет роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен операциялар жасалды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық клиникалық ауруханада Түркістан облысында алғаш рет KANGDUO роботтандырылған хирургиялық жүйесінің демонстрациялық нұсқасы арқылы бірқатар күрделі операция сәтті орындалды.
Аурухана мамандары бұл заманауи робот-ассистенттік технологияны бірнеше хирургиялық бағытта тиімді қолданды:
- 12 операция — өт қабы мен өт жолдарына жасалды;
- 2 нефрэктомия — бүйректі алып тастау операциясы орындалды;
- 1 реконструктивті операция — несепағарға жасалды;
- 2 гистерэктомия отасы жүзеге асырылды;
- асқазан обыры бар науқасқа радикалды субтоталды асқазан резекциясы жасалды.
Мұндай озық технологияларды енгізу Түркістан облысында жоғары технологиялық хирургиялық көмекті дамытуға үлкен жол ашып, облыстық клиникалық аурухана дәрігерлеріне жаңа әдістерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл роботтандырылған хирургиялық жүйені ауруханаға тұрақты түрде сатып алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүйені тұрақты түрде енгізу өңірдегі жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай кеңейте түседі.
Авторы: Жандос Жұмабек