Алматы дәрігерлері 3 кг өскінді алып тастап, әйелдің өмірін сақтап қалды

фото: gov.kz

Алматыдағы Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында дәрігерлер сәтті түрде кіші жамбас және құрсақ қуысынан жүктіліктің 39-40-шы аптадағы жатыр көлеміндей үлкен өскінді алып тастады, деп хабарлайды «24KZ»

Операцияның күрделілігіне қарамастан, мамандар пациенттің репродуктивті органдарын сақтап қалды.

Бір жарым жыл бойы әйел қарнының бірте-бірте ұлғайып келе жатқанын байқаған, бірақ оны салмағының артуымен деп ойлаған. Уақыт өте келе іші тысырайып, ауырсынуып, ыңғайсыздық және ентігу сезімі пайда болған.

УДЗ, КТ және МРТ-дан кейін дәрігерлер бүкіл іш қуысында орын алып отырған өскінді анықтайды. Пациентті онкогинекологтар тексеріп, содан соң хирургиялық тұрғыда араласу шешімі қабылданды.

Операция кезінде мамандар 7 литрге жуық сұйықтықты шығарып, салмағы шамамен 3 кг мөлшеріндегі өскінді алып тастады. Қосымша қиындықты бұдан бұрын жасалған операциялардың салдарынан қалған дәнекерлер туғызды. Өскін гистологиялық зерттеуге жіберілді.

Барлық қиындықтарға қарамастан, операция сәтті өтті. Дәрігерлер ең бастысы – өскінді алып тастап, әйелдің репродуктивті органдарын сақтап қалған.

Қазір пациент стационарда емделіп жатыр, жақында үйіне шығады.

Сондай-ақ оқыңыз: