Елде 8 ірі фармацевтикалық жоба жүзеге асады

Елде дәрі-дәрмек өндіретін 8 ірі жоба әзірленіп жатыр. Жалпы құны 390 млрд теңгеден асатын бастамалар аясында 500-ге жуық дәрі түрін шығару жоспарланған. Бұл мәселе Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.


Жиынға Johnson & Johnson, AstraZeneca және Pfizer компанияларының өкілдері қатысып, дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыру, сирек кездесетін ауруларды емдеуге қажетті препараттармен қамтамасыз ету және отандық өндірісті дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Үкімет басшысы денсаулық сақтау саласына жеке инвестиция тартудың маңызын атап өтті. Соңғы үш жылда елімізде 800-ден астам медициналық нысан салынды. Алдағы уақытта тағы 70 нысан бой көтермек. Жиын соңында Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға бұл ұсыныстарды қарастырып, инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз: