Солтүстік Аралда 131 жоба жүзеге асады
Солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алдағы жылы Түркістан және Қызылорда облыстарында қолға алынған жобалар басталады.
2030 жылға дейін жоспарланған 1-ші кезеңде 131 жоба жүзеге асады. Мұнда Көкарал бөгетін жаңғырту, 2 мың 200 шақырым каналды жөндеу және 1 мың 400 шақырым суару жүйесін автоматтандыру көзделген.