Елде маусымдық вирустық инфекциялардың беті қайтты

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 6,8 пайыз азайған.

Ал жалпы маусымдағы науқастардың саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда біршама төмендеген. Мамандар тұмауға қарсы екпе егу науқаны әлі де жалғасып жатқанын айтады. Бүгінге дейін 2 миллионнан астам адам вакцина алды. Дәрігерлер тұрғындарды қарапайым сақтық шараларды ұстануға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз: