Кенияда Эбола жұқтырған соңғы науқас емделді

Кенияда Эбола вирусын жұқтырған соңғы науқас жазылып, ауруханадан шықты. Қазан айынан бері елде қауіпті індетке 9 адам шалдыққан, деп хабарлайды 24KZ.

Вирусты алғаш жұқтырған адам Конго Демократиялық Республикасынан келген. Ол көп ұзамай, көз жұмды. Қалған 8 науқасқа вирус дәл сол азаматтан тараған. Індет өршіп тұрған Конго Демократиялық Республикасынан келген адамдар 21 күндік карантинге жатқызылады. Кения Денсаулық сақтау министрі 42 күннің ішінде мемлекет "Эбола вирусын толық жеңді" деп жариялайтынын жеткізді.

Аден Дуале, Кения Денсаулық сақтау министрі:

– Ауруынан құлан-таза айыққан алғашқы 5 азамат үшінші қараша ауруханадан шықты. 3 күннен кейін 6-шы науқасты үйіне жібердік. Ал бүгін вирусты жұқтырған соңғы адамды бүкіл ел болып шығарып салған жайымыз бар. Олармен байланыста болған адамдарды бақылауды аяқтадық.

Сондай-ақ оқыңыз: