Жезқазғанда оқушылар қатерлі ісікті ерте анықтайтын құрылғы жасады

Әдетте асқазан жарасын гастроскопия арқылы анықтайды.

Ісік бар аумақтан тін алып, зерттеуге жібереді. Ал оқушылар ойлап тапқан құрылғы ауыздан шыққан демнің құрамын тексеру арқылы аурудың ықтималдығын көрсетіп береді.

Саян Нұрланов, білім-инновация мектебінің оқушысы:

- Ракпен ауыратын адамдарда вок деген қаншама газдың қосындысынан пайда болатын система бар. Сол ракпен ауыратын адамдарда жоғары екен. Сол вок системасын датчиктер таба алады. Біз солай адамның ерте асқазан обырын табуға болатынын түсіндік те әрі қарай зерттей бастадық. Бұл жоба 25-30 мың тұрады.

Жобаны Саян Нұрланов пен Әмір Тәжібек ойлап тапты. Кейін идеяны құрылғыға айналдыруға Әліби Әбікен қосылды. Құрылғының сыртқы қорабынан бастап барлық қосалқы бөлшегін 3Д принтермен жасаған. Тек ауру белгілерін анықтайтын негізгі датчиктерді ғана сатып алған.

Әмір Тәжібек, білім-инновация мектебінің оқушысы:

- Бұл проект батареямен жұмыс істеді. Кейбір датчиктер жұмыс істемей қалды батареяның күші жетпеген соң. Сондай көп мәселе болды. Қазіргі уақытта жобаны тоққа көшіріп, мысалы, жәй түтікше орнына кәдімгі зонтты қосып, әртүрлі датчиктер қосып жатырмыз жаңа.

Әліби Әбікен, білім-инновация мектебінің оқушысы:

- Бұл осы жобалармен тоқтамай тағы да бір жобаны бастап кеттік. Ол жобаны үлкен жарыстарға апарамыз. Тағы жоба бастайын деп жатырмыз. Оның заттарын жақын арада сатып алды. Ол жоба шахтадағы, геологиядағы апаттардың алдын алатын болады. 

Бұл жоба облыстық сайыста ең үздік атанды. Дегенмен, әлі де толықтыратын жерлері бар дейді жас өнертапқыштар. Одан әрі ғалымдар талқысына ұсынуды жоспарлап отыр.

Әлібек Қаратаев, өңірлік IT-хаб директоры:

- Біз жас ғалымдарды кәсіпкерлермен кездестіріп, өзара байланыс қалыптастырамыз. Олар кәсіп иелерінің ұсынысы бойынша түрлі жоба жасайды. Сонымен қатар цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен хакатон ұйымдастырамыз. Онда жас өнертапқыштар өңірдегі проблемаларды шешу жолдарын қарастырып, оған қажет стартап жобаларын ұсынады. 

Оқушылар ойлап тапқан құрылғы алдағы уақытта инвесторлардың қарауына ұсынылады. Демеушілер қызығушылық танытса одан әрі нарыққа шығару жоспарда.

Авторы Елдос Кәкенов

Сондай-ақ оқыңыз: