Елордада 10 айда 352 адамнан ВИЧ анықталған

Елордада Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік жарияланды.

Қазір Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 30 мыңға жуық адам тұрады. Астана қаласының өзінде 10 айда 352 адамнан індет анықталған. Мамандар "жыл сайын өсім байқалып отыр" дейді.

Онкүндік аясында қаладағы қоғамдық жерлерде экспресс-тестілеулер өткізіліп, аурудан сақтану жолдары түсіндірілді. Дәрігерлер ВИЧ инфекциясын ерте сатыда анықтау маңызды екенін айтуда. Бұл науқасқа дер кезінде медициналық көмек беріп, аурудың таралу жылдамдығын тежеуге ықпал етеді. 

Сәбит Абдраимов, ҚР Қоғамдық денсаулық қауымдастығының төрағасы:

- Қала тұрғындарының 10 пайызын біз АИТВ инфекциясына тексеруіміз керек. Мысалы, Астанада қазіргі таңда 1,5 млн адам бар деп есептесек, біз 150 мың адамды тексерістен өткізуіміз қажет. Ішкі миграциямыз өзіміздің Қазақстанның ішінде, осы Астана қаласында өте жоғары дәрежеде. Және Астанада жастар өте көп жиналған. Сондықтан біз 10 пайыз емес, 24,5 пайыз, яғни, 343 мың адамды АИТВ инфекциясынан тексеріп жатырмыз.