Шымкентте 13 мың қызға вакцина тегін салынады
Шымкентте 13 мыңға жуық адамда жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады, деп хабарлайды 24KZ.
11 жастағы қыздарға арналған екпе мемлекет есебінен алынған. «Себебі осы жаста «адам папиллома вирусына» қарсы вакциналаудың иммундық реакциясы жақсы қалыптасады», – дейді мамандар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен жиында айтылды. Қазақстанда жатыр мойнының қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында екінші орында тұр. Жылына 1900 жағдай тіркеліп, 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Оның алдын алудың жалғыз жолы екпе екенін айтады. Қазір аймақтағы дәрігерлер мен мейірбикелер толық оқу курсынан өтті. Қыркүйек айынан бастап мектептер мен емханаларда екпе ерікті түрде салына бастайды.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР ДСМ бірінші вице-министрі:
- Вакцинациялау 2 кезеңнен өтеді. 11 жаста, сосын 6 айдан кейін тағы да бір рет жасалады. Алынып жатқан вакцина – өте жоғары сапалы америкалық вакцина. Төрт валентті. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация болып есептеледі. Сондықтан осы ұлттық тізімге енгізілген.