Семейлік жастар қарияларға жәрдемдесті
Семейлік жастар көмекке мұқтаж, жалғыз тұратын қарияларға жәрдемдесіп жүр, деп хабарлайды 24kz.
Соңғы күндері жауған қалың қар тыл ардагері Раиса Бутконың жүріп-тұруын қиындатқан. Студенттер қарияның ауласындағы қарды аршыды. Игі шара «Таза Қазақстан» және «Ардагерлерді ардақтайық» акциялары аясында өтті. Бүгінге дейін «Жастар рухы» мүшелері 0-ға жуық мұқтаж отбасыға көмектескен. Еріктілер аталған акцияны жыл бойы жалғастырамыз деп жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» бағдарламасы бастау алғалы Абай облысының аумағынан 60 мың тонна қоқыс шығарылған.
Раиса Бутко, тыл ардагері:
- Жастарға алғыс айтамын. Маған үнемі келіп тұрады. Күзде келіп отын бұтап,сенбілік жасап берген еді. Енді ауламдағы қарды тазартуға келіпті. барлығына мықты денсаулық тілеймін.
Темірлан Бақтияров, «Жастар рухы» жастар қанаты Абай облыстық филиалының төрағасы:
- Раиса Александровнаның үйіне келіп, мерекесімен құттықтап қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы бұл жоба жүзеге асқан отызға жуық отбасыға көмектескенбіз. Біз тек қана тыл ардагерлері, ардагерлерге емес, көпбалалы аналарға және жалғыз тұратын ата-апаларымызға көмектесіп жатырмыз.