Алматы облысындағы жылу электр орталықтары көмірден газға көшеді
Алматы облысындағы жылу электр орталықтары келесі жылы көмірден газға көшеді. Бұл туралы «Таза Қазақстан» акциясы кезінде атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған жиында айтылды.
Жалпы ауаның ластануына энергетикалық сектор да кері әсер етіп отыр. Мәселен, Іле ауданындағы №3 жылу орталығынан ауаға жыл сайын 16 мың тонна зиянды қалдық таралады. Аталған кәсіпорын бір жылда 1 млн 200 мың тонна көмір жағады. Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қабылданған «Жол картасына» сәйкес №3 жылу орталығы 2026 жылдың төртінші тоқсанында көмірден газға көшеді.
Жалпы экоакция аясында өңірде 8 мың гектар аумақта сенбілік ұйымдастырылып, 26 мың тонна қоқыс шығарылды.
Қонысбек Байеділов, облыстық Экология департаментінің басшысы:
- Осыны газға көшіру жөнінде 2023 жылы «Жол картасы» қабылданған Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде 23-26 жылдар аралығында. Егер де ол газға көшсе, зиянды қалдықтар кеміп, жылына 1 мың тоннаға дейін шығындылар көлемі азаяды. Ол қоршаған орта мен халықтың денсаулығының жақсаруына септігін тигізеді.