Қарағандыда оқушылар мен студенттер қоршаған ортаны қорғауды үйренеді

Экологиялық белсенділер қатарын Қарағандының оқушылары мен колледж студенттері толықтырды.

Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында биологтармен, еріктілермен болған кездесуден кейін осындай шешімге келген. Мамандар экологияның қазіргі жағдайы, адамның табиғатқа әсері, оны қорғаудың заманауи тәсілдері туралы ойларымен бөлісті. Қарағандылықтарды ауаның түрлі газбен ластануы да алаңдатады.

Денис Сирман, Академик Бөкетов атындағы қарағанды университетінің оқытушысы:

- Бізде басты мәселе автокөліктердің шектен тыс көптігі. Урбанизацияның қарқынды дамуынан қазір қалаларда түрлі қоқыс, қалдық көбейді. Сондықтан ел болашағын ойлаған әрбір жас буын құр сөзбен емес, нақты ісімен экологияны жақсартуға үлесін қосуы қажет.