Кіші Арал теңізіне бір миллиард текше метр су берілді
Солтүстік Арал теңзінінің ауданы ұлғайып, бүгінде 3065 шаршы шақырымға жетті.
Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 111 шақырымға көп.
Зейнулла Қазтоғанов, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекция басшысының міндетін атқарушы:
- Негізгі 27 миллиард текше метр су жиналған кезде Балтық жүйесі бойынша судың деңгейі 42 метр болу керек. Ал бізде 2022 жылы 40 метр 42 сантиметрге түсіп кетті, сол кезде ішіндегі судің өклемі 18 миллиард 500 миллион текше метр су болған. Содан бері қазіргі таңда ішінде 22 миллиард 150 миллион текше метр су бар қазір жинақталған, кіші теңізде. Судың деңгейі 41 мтерде тұр.
Мамандардың мәліметі бойынша «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Аймақта, егінге су үнемдеу технологиялары да кеңінен енгізіліп отыр. Былтыр осындай әдіспен 200 миллион текше метр тіршілік нәрі үнемделіп, теңізге жіберілген.
Асылжан Жарылқасынов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- 2024 жылы 55 мың гектар күріш алқабын лазерлік тегістеуден өткізсек. Жалпы 2025 жылы лазерлік тегістелген күріш егісі алқабын 60 мың гектарға жеткізу жоспарымызда бар. 20 пайызға дейін судың көлемін үнемдеп, өнімділікті арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Президент тапсырмасына орай теңіздің құрғап қалған табанын көгалдандыру жұмыстары да жалғасуда. 2025 жылдың соңына дейін жасыл желектің жалпы көлемін 1,1 миллион гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Серік Сермағанбетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Фитомелиорациялық жұмыстарды жүргізу үшін 217 тонна тұқым жиналып, себу жұмыстары атқарылды. Осы жылдың аяғына дейін бұл тапсырманы толық орындап шығамыз деп отырмыз. Негізінен жыл сайын 250 мың гектар егу жоспарлануда.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- 2022 жылы Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 18,9 миллиард текше метрге дейін азайған еді. Бүгінде 22 мллиард текше метрден асты. 2025 жылдың соңына дейін 23,4 миллиард текше метрге жетеді,-деп болжайды мамандар.
Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Байділдаев