Қызылорда облысында оқушыларға қоқысты сұрыптауды үйретті
Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Таза Қазақстан өзіңнен басталады» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды 24KZ. Танымдық шараға аудан жастары қатысты.
Сонымен қатар барлық білім ошағында ашық сабақ пен көрме өтті. Оқушылар қоқысты сұрыптау, жасыл желекті баптау және қоршаған орта туралы ақпарат алды. «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы басталғалы облыста 27 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 730 мыңға жуық қызылордалық қатысқан.
Жеңіскүл Рыспанбетова, мектеп директоры:
- Жасыл клуб қалыптасқан мектепте, бұл клубта 8 сыныптың 94 баласы жұмыс жасайды. Клубтың аясында балалар күнделікті өздерінің жұмыстарын көгалдандыру, бөлме гүлдерін егу, оларға тыңайтқыштармен күнделікті оларды суарып отыр немесе стакандарға көктемде далаға көшеттейтін ағаштарды егу сияқты жұмыстарды жасап отыр.