Маңғыстау облысында сексеуіл мен жүзгін егіледі
Маңғыстау облысында екі жыл ішінде Жарма, Сазды және Сауысқан елді мекендерінің аумақтарына шамамен 250 мың сексеуіл мен жүзгін ағашын егілмекші.
Бұл бастама экологиялық тұрғыдан өте маңызды және аймақтың шөлейттенуіне қарсы күресте үлкен рөл атқарады. Сексеуіл мен жүзгін сияқты ағаштар құрғақшылыққа төзімді және топырақтың құнарын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, құм көшкіндерінің алдын алу арқылы жергілікті ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға үлес қосады. Көшеттер 74 гектар аумаққа егіледі. Бұл жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осыдан үш жыл бұрынғы алғашқы кезеңде егілген 200 мың ағаштың басым бөлігінің жерсінуі – оң нәтиженің дәлелі.
Хайдар Төлеуішов, облыстық табиғи ресурстар және ТПР Басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл жұмыстар 2004 жылдан бастап Сенек ауылынан басталды. Сенек. Үштаған, Шебір сол 4 ауылдан басталды. 3329 гектар жерде жасыл желектер пайда болды. Бұл жоба бізде аяқталды. Тағы да 2025-27 жылдары қосымша 70 гектар жерге сексеуіл егеміз деген жоспарымыз бар. Осы жұмсыстың жалғасы ретінде 2024 жылы қосымша 10 ауылға зерттеу жұмыстарын жүргіздік.