Өңірлерде «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«Amanat» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.

Оған еріктілер мен "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері қатысты. Волонтерлер ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қарт кісілердің ауласын тазалап, қарын күреді. Шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Алматы департаментінің сержанттар құрамы да қатысты. Партия мүшелерінің айтуынша, тазалық шаралары тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға да ықпал етуде. Бүгінге дейін экоакция аясында республика бойынша 90 мың тонна қоқыс шығарылып, игі іске 50 мыңнан аса адам атсалысты.