Каспий теңізі қызыл түске боялды
Каспий теңізінің жағасы қызыл түске боялды.
Көк айдынның қызаруы теңіз жағасындағы қардан анық байқалды. Бірақ жергілікті экологтар үрейленуге негіз жоқ деп отыр. Себебі бұл табиғи құбылыс. Бұған дейін де осындай жағдай бірнеше рет қайталанған. Ал теңіздің жыл сайын қыз-аруына жаҒасындағы шалаң мен балдырлардың түсі әсер етеді екен.
Қайсар Нәдірбек, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
- Бұл құбылысты назарымыздан тыс қалдырмай, осы сынама алу, талдамалық жұмыстарды жүргіздік. Бұл сынаманың нәтижесі ластаушы заттардың жоқтығы дегеніміз, қоршаған ортаға яғни Каспий теңізіне зиянды заттардың болмауы деп түсініледі. Яғни оның Каспий теңізіне және ондағы балықтарға еш зияны болмайды.