Павлодарда волонтерлер экологиялық ойын ойлап тапты

Павлодардың «Жастардың бастамасын дамыту орталығы» жанындағы волонтерлер ұйымы «Экологиялық серуен» атты үстел ойынын ойлап тапты.

Зияткерлік ойын экологиялық сауаттылықты арттыруға және табиғатты қорғауға насихаттайды. Қатысушылар бұл ойында тұрмыстық қалдықты сұрыптау және қайта өңдеу тәсілдерін үйренеді. Өңдеуге келмейтін материалдарды ажырату әдісін көреді. Зияткерлік шараны жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қолға алған.

Милана Құлатаева, волонтерлер орталығының инспекторы:

- Біз бұл ойынды әлі жетілдіреміз. Ересек адамдарға арналған нұсқасын күрделендіре түсеміз. Картаның ауқымын кеңейтеміз деп ойлаймын. Бұл ойын табиғатпен астасып жатыр. Қоршаған орта, оның ішінде ұшы қиыры жоқ жазық даламыз, өзен-көлдеріміз, ормандарымыз туралы кеңінен мағлұмат беріледі.