Таза Қазақстан: оқушылар қалдықты кәдеге жаратты
Петропавлда оқушылар арасында экодефиле өтті, деп хабарлайды 24KZ. Олар газет пен полиэтилен пакеттерден жасалған ерекше костюмдерді таныстырды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын еске салуды көздеді.
Сонымен қатар оқушылар қалдықтарды сұрыптау, суды үнемдеу бойынша жарысты. Табиғатты қорғауға атсалысқан барлық қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен шара балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға да ықпал етті.
Мәдина Әкімжанова, оқушы:
- Менің костюмім экологияны қорғаудың маңыздылығын білдіреді. Ол қайталама және қолжетімді материалдардан жасалған. Костюмді жасауға шамамен 12-14 сағат кетті. Алдымен қаңқасын жасап, қағаз бетіне өз ойыңды түсіру керек. Кейін бәрін реттеп, әр гүлді жеке қиып, желімдеу қажет болды.