«Жасыл ел» жастар жасағы «Таза Қазақстан» акциясына жұмылдырылады

«Жасыл ел» жастар жасағы енді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жұмылдырылады, деп хабарлайды 24KZ. Түркістанда ұйым белсенділері биылғы жоспарды талқылады.

Қазір өңірде оның 1300-ден астам мүшесі бар. Жастар тек жазғы демалыс маусымында емес, наурыз айынан бастап көшеттер мен гүлдер егу науқанына қатысады. Сонымен қатар облыс аумағында өтетін тазалық шараларына атсалыспақ. Жастар орталықтары орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандум жасамақ. Өскелең ұрпақты ынталандыру мен еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылады.

Аружан Досан, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшесі:

- Еліміздің таза болғаны бәрімізге жақсы, біріншіден. Екіншіден, тазалықты сақтау ол әрбір адамның борышы деп ойлаймын. Түркістан туристік орталығы болғандықтан, келген туристер көреді, қаламыздың таза болғаны баршамыз үшін жақсы деп ойлаймын.

Пернебек Есқұлов, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

- Осы жоба аясында биылғы жылы да былтырғы жылмен салыстырғанда қарқынды жұмыс істейміз деген ойдамыз. Былтырғы жылы тек сенбілікпен шектелсек, биылғы жылы «Жасыл ел» жобасы жүзеге асатын болса, былтырғыдан да ауқымдырақ, жастарды көбірек қамтимыз деген ойдамыз.