БҚО-да балық қырылуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында балық қырылуы мүмкін.
Өңірдегі су айдындарында мұздың қалыңдығы 40 см-ге дейін жеткен. Бұл балықтардың жаппай қырылу қаупін тудырады. Осыны болдырмау үшін өзендерде ойықтар тесілді. Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары, әсіресе тереңдігі аз су айдындарына ерекше көңіл бөлуде. Қазір 136 мың ойық бұрғыланып, оттегімен байытылған 5 мың текше метрден астам су айдындарға айдалды.