Солтүстік Арал теңізі қалпына келтіріліп жатыр

Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру үшін 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текше метрге артық. 

Қазіргі таңда алып айдындағы судың жалпы көлемі 22,1 млрд текше метр. Жыл соңына дейін көрсеткіш 23,4 млрд текше метрге жетеді деп күтіліп отыр. Президент пәрменімен қолға алынған бастамаларды бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында министрлік өкілдері хабарлады. Ақпарларынша, биыл Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысы аяқталады. Аталған жоба теңіз суының тұздылығын төмендетуге ықпал етпек. Мұнымен қоса балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіру мүмкіндігі жасалады. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарының да барысы қарқынды. Шаруаларды ынталандыру мақсатында берілетін субсидия мөлшері 50%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылған. Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:  - Солтүстік Аралдың көлемімен бірге ауданы да ұлғайып келеді. Қазір теңіздің ауданы 3065 шарты шақырым. Бұл 2022 жылға қарағанда 111 шаршы шақырымға көп. Бұл судың тұздылығын азайтуға және балық түрінің танымалдығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8000 тоннаға жетті.