Өскеменді тұман басты

Өскеменді тағы да қалың тұман басты.

Қалада соңғы күндері метерологиялық жағдай нашарлап кетті. Қазгидромет мамандарының мәліметінше, ауада зиянды қалдықтар концентрациясы шектік мөлшерден асып кеткен. Мәселен, көміртек оксиді 4 есе, ал сутегі хлориді 2,5 есе артқан. Қазір экологтар мен құзырлы орган өкілдері бірлесіп, Жылу электр орталығы мен Казцинк кәсіпорнына ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр.Өйткені бұл нысандар ауаны ластайтын ең ірі мекемелер қатарына кіреді. Өндірісті қаланы жиі көк түтін басып қалады. Экологтар әсіресе өте ұсақ қатты бөлшектер көп бөлінеді деп алаңдаулы.

Дәулет Асанов, эколог:

- Соңғы үш күнде ПМ 2,5 бұл ең қауіпті адам ағзасына қауіпті заттар,ең ұсақ тікелей қанға өтеді. Сол заттар ВОЗ берген норматив бойынша 15 микрограмм болса,бізде 500-1000 микрограмға дейін көрсетіп тұр, ондаған есе көп нормативтен.

Майкамал Құмарова, қала тұрғыны:

- Кішкентай балаларға,немерелеріме өте жаман,мектепке апарасың газды жұтып ауырып қалады,үнемі ангина болып,кеуделері сырылдап.