Шымкент тасжолдың бойы қоқыстан тазартылды
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясында шымкенттіктер тасжол құрылысының айналасында шашылып жатқан қоқысты жинады, деп хабарлайды 24KZ. Құрылыс барысында цемент қаптары, полителен пакеттер мен пластмасса заттар үйіліп қалған.
«AMANAT» партиясының экологиялық бастамасына «Жастар рухы» жастар қанаты жасағы мен еңбек ардагерлері, коммуналдық сала жұмысшылары мен әкімдік өкілдері үлес қосты. 2 тоннадан астам күл-қоқыс жүк көліктеріне тиеліп, арнайы полигонға шығарылды. Республикалық маңызы бар тасжол жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір құрылыстың басым бөлігі аяқталып, сот шешімімен сол маңдағы жеке үйлер сүріліп жатыр.
Абай Сырлыбаев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» қалалық филиалының кеңесшісі:
- Сәуле шағынауданында тұрғындардың өтініші бойынша әкімшілікпен ақылдаса келе осы жерде қалған құрылыс қалдықтарынан тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осындай таза ауамен демалу үшін, таза ортаны қалыптастыру үшін әрбір азамат өзінің үйін жинастырып, қоғам болып өзінің шағынауданынан бастау керек деп ойлаймын.