Павлодар оқушылары қарағай тұқымын егіп жатыр
«Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында Павлодар оқушылары жасыл желек қорын арттыруға үлес қоспақ, деп хабарлайды 24KZ. Бұл мақсатта олар жаппай қарағай тұқымын егіп жатыр. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын Баянауыл ұлттық паркі мен «Ертіс орманы» табиғи резерваты қамтамасыз етеді.
Тақырып аясында өңірдегі Экология және туризм орталығында ағаш егудің маңыздылығы жайлы бастауыш сынып оқушыларына арналған шеберлік сағаты өтті. Онда Орман шаруашылығы және экология департаментінен арнайы шақырылған мамандар жас көшеттерді дұрыс өсірудің тәсілдерін түсіндірді.
Айша Ақпарғали, оқушы:
- Бүгін біз Экология және туризм орталығында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасында қарағай тұқымына қалай күтім жасауды үйрендік және де біз осы орталықта жүріп, білімімізді арттырып, қалай қарағай тұқымына күтім жасауды, оларды қалай аялауды, оларды қалай отырғызуды үйрене аламыз.
Мәди Сейтжанұлы, қосымша білім беру педагогі:
- Тұқымдарын алып кеткеннен кейін мектеп ауласында, өздерінің жылыжайлары болса, сол жерлерде егу жұмыстарын жүргізуге болады.