Шымкентте экоакция аясында 100 тонна қоқыс шығарылды

Бүгін шымкенттіктер коммуналдық сала қызметкерлеріне қолғабыс жасап, саябақтар мен үй аулаларын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Көшелерді жуып, архитектуралық маңызы бар ескерткіштерді қалпына келтірді.

Экологиялық шараға төрт мыңға тарта адам жұмылдырылып, 100 тоннадай қоқыс шығарылды. Сонымен қатар өзен-көлдердің 8 шақырымға жуық жағалауынан полиэтилен пакет пен пластмассалық заттар жиналды.

Исамудин Рысбаев, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Осы акцияның аясында барлық халықты, осы Шымкент қаласының тұрғындарын өздерінің аулаларын, есігінің алдын, мынау көктем шықты, қыстан қалған қоқыстан тазалап, жайнатып отырса, ол бәрімізге де, біріншіден, мақтаныш. Екіншіден, өте таза, мәдениетті қала екен деп айтып жүретіндей болса, ол біздің қосқан үлесіміз болып табылады.