Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» аясында 200 мыңға жуық көшет егілмек

Биыл Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 200 мыңға жуық көшет егілмек.

Сонымен қоса мың шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы қоқыстан тазартылады. Биылдың алғашқы сенбілігі Тараздағы Тұрар Рысқұлов саябағында өтті. Экологиялық шараға жастар мен коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысты. Олар қалдық пен қоқысты жинап, арнайы орынға апарып төкті. Сонымен бірге Байзақ, Меркі, Жамбыл ауданының жастары да орталық саябақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Абзал Есіркепов, жастар ресурстық орталығының директоры:

-Биылғы жылдың өзінде де осы Тараз қаласы әкімдігі тарапынан өте көптеген іс шаралар жоспары бекітілген. Ол шаралардың аясында тек қана сенбіліктер ғана емес, сонымен қатар шығармашыл жастардың арасында да осындай әртүрлі экологиялық бағыттар бойынша түрлі конкурстар ұйымдастыру жоспарлануда. Барлығы 10 мыңнан астам қала тұрғындары мен жастар қамтылады деп жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде біздің қаламыздағы өте көптеген каналдар мен қала көшелері тазарып қалады деген ойдамыз.