Түркістанда «Таза Қазақстан» экоакциясы кезінде елуден астам көше тазартылды
Түркістанның мыңға жуық тұрғыны «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
Олар жол бойындағы қураған шөптерді шауып, қоқыстан тазартты. Тазалық шарасы 50-ден астам көшені қамтыды. «Оңтүстікте көктем ерте шығады. Сондықтан қоршаған орта мен аулаларды тазалап, ретке келтірудің маңызы зор, дейді шараға қатысушылар.
Талғат Мұқанов, қала тұрғыны:
- Қазір біз тазарттық мына жерді, қарашы әдемі болып қалды. егерде солар осылай тазартып отырса, есіктің алды әдемі болып тұрса, жаман ба соларға? Әрбір үйдің егесіне осы жердің домкомдары келіп, тапсырма берсін. Есігінің алдын тазалап ұстап отырсын. Сонда халықтың бәрі таза жерде жүреді. Таза ұстамай ма, айыппұл салсын. Сосын қалай тазартады есігінің алдын.
Мекенхан Қожахмет, қала әкімінің орынбасары:
- Қаламыздағы 6 сектордың ішінде әр сенбі сайын әр секторды қамтып өтетін боламзы. Біз өткен жылы «үздік аула», «үздік көше» акциясын жариялаған болатынбыз. Биылғы жылы да конкурс жарияланады. Көпқабатты үйлер өз ауласын, жер үйлер өз көшесін таза ұтсаған тұрғындарымыз қатысып, оларға арнайы жүлделер беріледі. Қаламыздың мәдениетін қалыптастыру, таза ұстау бағытында бәйге ұйымдастырылады.