Жетісу облысында 120 мың көшет егіледі

Жетісу облысында 120 мың көшет егіледі

Жетісу облысында биыл 120 мың көшет егіледі, деп хабарлайды 24kz.

Бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға артық. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы аймақта 600-ден аса сенбілік ұйымдастырылды. Елді мекендерден 12800 тонна тұрмыстық қалдық пен қоқыс үйінділері шығарылған. Жастар мен жасөспірімдер арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға арналған іс-шаралар өткізілді. Тазалық жұмыстарымен қатар 110 ойын алаңы жаңартылып, бірнеше саябақ жөнделді. Экологиялық акцияның ауқымын ұлғайту үшін осы жылы 15 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.

Әлібек Әділбаев, облыстық энергетика ЖӘНЕ ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- 6,2 млрд теңгесі көше жарығын жүргізуге 51 аула, 76 балалар ойын алаңы және 140 көпқабатты үйдің қасбеті мен шатырын жасауға бағытталған.