Таза Қазақстан: «Шарын» табиғи паркінде абаттандыру жұмыстары басталды
«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде абаттандыру жұмыстары басталды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шараға Шонжы ауылының оқушылары да белсенді қатысып жатыр. Олар былтыр бос құтыларға мың түп боз арша тұқымын екті. Сол ағаш көшеттері енді біртіндеп жылыжайдан парк аумағына көшіріле бастайды. Сонымен қатар онда "Қоқыс жәшігінсіз турист қабылдау" жобасы да жүзеге асып келеді. Ол үшін туристерге саябақ аумағына кірерде эко-ыдырағыш пакеттер беріледі. Келген саяхатшылар тұрмыстық қатты қалдықтарды соған салып, сыртта орнатылған арнайы қоқыс жәшігіне тастайды. Былтыр "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 124 мың саяхатшы келді. Соның 17 мыңы шетелдік турист.
Гүлмира Нұралықызы, «Шарын» МҰТП директоры:
"Таза Қазақстан" жалпыхалықтық акциясының маңызы өте зор. Бұл экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғау, сүю жаңағы, экологиялық проблемалардың алдын алу мақсатында өте маңызы зор. Биылға 2025 жылға тағы да 30-дан астам экологиялық іс-шара жоспарланып отыр әртүрлі тақырыпта.