Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық форумы өтті
Ақтөбедегі студенттер сарайында «Таза Қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты экологиялық форум өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оған өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттері мен белсенділер қатысты.
Олар жыл бойы тазалық акциясына зор үлес қосты. Одан бөлек, тұрмыстық қалдықты жою және қайта өңдеу бойынша түрлі жобалар жасады. Сәулетші мамандығына оқып жүрген жастар экоаудан және экоүй кешендерінің жобасын әзірледі. Болашақ сәулетшілер: «Экологиялық инфрақұрылымды дамытудың бірден-бір жолы – көгалдандыру», – дейді. Үлгі ретінде студенттер мен экобелсенділер дендросаябақ жобасын жүзеге асырып жатыр.
Іңкәр Сайлау, студент:
- Ақтөбе қаласында дендропарк болмағандықтан, бұл жобаны біз құштарлықпен алған болатынбыз. Шырша мен қайың ағаштарын алып қарастырған болатынбыз. Біздің агроклиматқа бейім және де «түрлі түстер» деген зона бар. Сол зонада көктем мезгілінде гүлдейтін спирея, сирень сияқты бұташықтар орналастырылды. Бұл жобаның жүзеге асуы негізі 10 жылдық көлемді қамтиды.