Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен салынады
Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын жаңа кешен салынады.
Нысан Бурабай курорттық аймағында бой көтереді. Пилоттық жоба жеке инвестиция есебінен қаржыландырылмақ. Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездескен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Заманауи кешенде жылына 150 мың тонна тұрмыстық қалдықтар сұрыпталады. Бұл Бурабайдан бөлек Көкшетау мен Зеренді ауданындағы да қоқыс мәселесін шешуге ықпал етеді, дейді жауаптылар. Жаңа нысан іске қосылса 200-ге тарта жұмыс орны ашылады. Айталық, былтыр өңірде 249 мың тонна қоқыс жиналып, соның 19 пайызы ғана өңделген.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Ол керемет жоба. Мысалға, облыс бойынша 249 мың тонна қоқыс пайда болса, соның жүз елу мыңын жүйелі түрде бір компания жұмыс жасайды. Оған қосымша бұлар транспорт алып жатыр қоқыс шығаратын. Оның үстіне Бурабайға арнайы электромусор қоқыс шығаратын техника алып жатыр. Мұның бәрі өз әсерін береді.