ШҚО жастары аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қоспақ

Өскеменде бір айдан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасты. 

Зауыттар, көліктер мен жеке үйлерден шыққан түтін қаланы басып тұр. Ауадағы зиянды қалдықтар нормадан асып кеткен. Әсіресе желсіз күндері жағдай қиындайды. Жергілікті экологтар проблеманы шешу жолдарын іздеп жатыр. "Таза Қазақстан" акциясы аясында  студенттермен кездесіп, экологиялық жобаларды бірге талқылады. Атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырды. Жиында жастар  ауаны тазарту, экологиялық мәдениетті насихаттау бойынша  өз ойымен бөлісті. Кәсіби мамандар табиғат жанашырларының креативті жобаларын  қолдауға ниетті.

Елена Березинская-Әбілова, «Өскемен тынысы» экобюросы жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Біз жастарға қашан да қолдау көрсетуге әзірміз. Олар сенбілік өткізуден бастап ағаш егуге дейінгі жұмыстардың ретін, мәдениетін дұрыс түсіну керек. Яғни біз осы студенттерге сауатты әрі өміршең экологиялық жоба ұйымдастыруға көмектесеміз.