ШҚО-да арқар саны артты

Бүгін - Дүниежүзілік жабайы табиғат күні. 

Аң-құсқа бай елімізде түз тағыларының өсіп-өнуі үшін қажетті жағдай жасалған. Мәселен, Шығыс Қазақстанда үш бірдей ірі қорық пен 13 орман шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл өңірде сирек кездесетін әрі жойылу қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің 50 түрі бар. Қызыл кітапқа енген флора мен фаунаны сақтап, олардың санын көбейту мақсатында жан-жақты қамқорлық көрсетіледі. Мамандардың соңғы есептеулері бойынша, аймақта 11 қар барысы мен 23 сабаншы бар. Ал тұяқты жануарлар арасында арқардың саны артып келеді. Қазіргі таңда олардың саны 1500-ге жеткен. Бұл деректер тау шатқалдарына орнатылған фототұзақтар арқылы алынған. Сондай-ақ түз тағыларын браконьерлерден қорғау шаралары үздіксіз жүргізіледі. Бір жылдың ішінде 30 рейд ұйымдастырылып, 637 заңбұзушылық тіркелді. 

Ердос Үмітов, ШҚО орман шаруашылығы және ЖӘ аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Оның ішінде 161 аң шаруашылығы, 200 орман шаруашылығы, 271 балық шаруашылығы бойынша залал келтірілді. Залал шығыны - 7 жарым миллион, бюджетке қайтарылғаны 3 жарым миллион теңге.