Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 150 іс-шара өтеді
Биыл Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 150 іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24kz.
Оған 10 мыңдай адам қатысады. Белсенді жастар бас қосып, алда өтетін сенбіліктер жоспарын талқылады. Тарихи- мәдени ескерткіштер, саябақтар мен гүлзарлардың аумағын абаттандыру биыл да жалғасады. Сонымен қатар 1000 шақырым канал мен арық жүйесі 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше қоқыстан тазартылады. 200 мыңға жуық көшет егіледі деп жоспарланып отыр. «Таза Қазақстан» акциясына жастар белсене атсалысуда.
Ерғали Әбуғали, «Жастар рухы» облыстық жастар қанатының төрағасы:
- «Жасыл ел» еңбек жасағына биыл 2 мыңға жуық жас тартылады. Сонымен қатар ерікті жастар жастар ұйымдарымен бірлесе, 10 мыңға дейін жастардың санын арттыру жоспарда бар.