Алты орман тәлімбағын салуға ₸21 млрд бөлінді

Еліміздің алты өңірінде орман тәлімбағын салуға 21 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Әрбір тәлімбаққа 3,5 млрд теңгеден қарастырылған. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

Жылына 6 миллион көшет өсіріледі. Сонымен қатар биоалуандықты сақтау тұжырымдамасы әзірленеді. Сонымен қатар ерекше қорғалатын жаңа табиғи аумақтар құрылып жатыр. Олардың арасында «Мерке» өңірлік паркі, «Арал» және «Жайық орманы» резерваттары бар. Сондай-ақ Үстірт, Қаратау, Іле-Балқаш аумақтарын 650 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Қорықтардағы бақылау-өткізу бекеттері автоматтандырылып, электрондық төлем жүйесі енгізілді. Тағы айта кетерлігі, орманшыларға арналған білім беру орталығы ашылады.