Шымкенттегі дендросаябақта ағаш түрі көбейеді
Шымкенттегі дендросаябақта ағаш түрі көбейтіледі, деп хабарлайды 24KZ. Экобелсенділердің бастамасымен Өзбекстан мен елдің өзге аймағындағы ботаникалық бақтардан жасыл-желектің 184 түрлі тұқымы жеткізілді.
Дүниежүзінде кездесетін ағаштардың гендік қорын сақтау үшін қараағаш, емен, үйеңкі және сәндік екпе тұқымдастары таңдалды. Кейінгі жылдары саябақта өскіндердің күтімі болмай, солған еді. Зерттеу қорытындысы бойынша ағаштардың түрі 2,5 есе азайғаны анықталды. Мамандардың айтуынша, оған су арнасының жабылуы себеп болған. «Енді ағын су мәселесі реттеліп, көгал қорын көбейтуге мән берілді», – дейді дендросаябақ басшылығы.
Есдәулет Керімбекұлы, қалалық дендросаябақ директоры:
- 134 түрлі тұқым алып келдік. Біздің дендропаркте қайталанбайтын. 84 қаламша, одан бөлек 37 көшет. 37 көшет 214-ке қосылып, қазір 251 түрге жетіп отырмыз. Биылғы жылы да, келесі жылы да біз бұл жұмыстарды тоқтатпаймыз. Биыл Өзбекстан Республикасынан бөлек, басқа да мемлекеттерге іс-сапарға шығуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда келісім шарттары жасалып жатыр сол жақтармен.