Жамбыл облысында Қызыл Жұлдыз – Қостөбе жолы қоқыстан тазаланды

Жамбыл облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына орай Қызыл Жұлдыз – Қостөбе жолы қоқыстан тазаланды, деп хабарлайды 24KZ. Шараға 50-ден аса адам қатысты. Олар күрежол бойын күл-қоқыстан арылтып, айналаны абаттандырды.

Жалпы былтыр бастау алған санитарлық шараға 10 мыңнан аса тұрғын атсалысып, өзен мен каналдар, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағынан 13 мың тоннадан аса қалдық жинады. Ал биыл полигондарға 15 тонна қоқыс шығарылды.

Айман Қабдырахымова, облыстық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері:

- Көбіне осы акцияларда жастарды көреміз. Жастар белсенді қатысып жатады, жұмыстарын жасап. Мен әдейі осы акцияға бүгін қатысып, өзімнің қатарластарымды тазалық жасауға шақыруға келдім. Ойлаймын, осы бастамамыз біздің ары қарай жалғасын табады эстафета ретінде. Осы уақытқа дейін Тараз қаланың ішіне шығып жүрсек, енді бұдан былай ауылдағы біздің замандастарымыз қабылдап, жалғасын тапса, жақсы болар еді.