Алматы облысы Балқаш ауданында 500 түп көшет егілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысының Балқаш ауданындағы Сүндетбай болыс саябағына 500 түп  көшет егілді.

Аудан жастары Бақанас ауылындағы саябақ, гүлзарлар  мен  Іле өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Бұл жұмыстарға мыңға жуық адам қатысты. Балқаш ауданы бойынша былтыр 9 мың тал егілген болатын. Ал биыл 10 мың  көшет егу жоспарланып отыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері аудан аумағынан 150 тонна күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға ерікті жастармен қоса аудан тұрғындары да жаппай атсалысып жатыр.

Бижан Сағат, ауыл тұрғыны:

- Тал егу деген болашаққа инвестиция деп өзім ойлаймын. Мысалы бір талдың өзі кәдімгі таза ауа, кәдімгі көлеңке болып саналады. Табиғаттың көркеюі болып саналады. Балқаш ауданы осы біздің өзіміздің дала мен өзенге бай. Біз осы өзіміздің Балқаш ауданының байлығын одан ары дамытып, кейінгі келе жатқан азаматтарға жасыл аумақты қалдыру әр азаматтың өізінің парызы деп білеміз.