Түркістанда Жеңіс саябағы абаттандырылды

Түркістандықтар Жеңіс саябағына күтім жасады.

Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар құрметіне арналған монументалды ескерткіш кешенінің аумағын тазалап, айналасын абаттандырды. Ағаш түп-тері ақталып, аяқ-жолдар тазартылды. Акция Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналды. Айта кетейік, оңтүстік өңірден қан майданға 140 мыңнан астам сарбаз майданға аттанып, тең жартысы жат жерде жан тапсырды.

Ғаппар Сәрсенбаев, "Amanat" партиясы қалалық филиалының төрағасы:

- Әр азамат өзінің есігінің алдын таза ұстаса, көгалдандырса, көгертсе, олардың өзіндік елге қосқан үлесі болар еді. Түркістан қаласына қазір қонақтар да көп келеді, туристер де келіп жатыр. Келген азаматтардың барлығы тазалығын көріп, мәдениетін көріп, сервистер жақсы болуы керек. Келген қонақтардың барлығын күтіп алып, жақсылап шығарып салуымыз керек.