Павлодарда саябақтар мен жатақхана аумағы қоқыстан тазартылды
Павлодарлық жастар саябақтар мен жатақхана аумағын қоқыстан тазартты.
Экологиялық шараға 100-ге жуық студент қатысты. Олар қураған ағаштар мен шіріген шөп жапырақтарды жинап, бітеліп қалған арықтарды аршыды. Жалпы 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама қаланың тазалығын сақтап, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыды.
Бәкіжан Кәкім, университет қызметкері:
- Үш корпусымыз бар, үш корпусымыздың екі корпусының маңайын жапырақтардан жаңағы шөп-шалаңнан тазарттық. Міне бүгін қайтадан осы спорт кешенінің айналасын тазартып жатырмыз. Бүгін бір автокөлік қоқыс шығарылды.